Оқиға

Ақтөбеде сабақ кезінде түсірілген атышулы видеодан кейін меңгеруші жұмыстан босатылды

  • Ақтөбеде сабақ кезінде түсірілген атышулы видеодан кейін меңгеруші жұмыстан босатылды

    Ақтөбеде сабақ кезінде түсірілген атышулы видеодан кейін меңгеруші жұмыстан босатылды

Білім ошағының жертөлесіндегі зиянкестерді улатпақшы болған шаруашылық меңгерушісінің басы бәлеге қалды

Ақтөбеде сабақ кезінде шыбын-шіркейді улауға рұқсат берген мектептің шаруашылық меңгерушісі жұмыстан қуылды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.  

Желіде осыдан екі апта бұрын №9 гимназияның оқушылары түсірген видео тарады. Сабақ кезінде бөлмені түтін алып кетеді. Өрт шықты деп шошынған балалар далаға атып шыққан. Сөйтсе мектептің жертөлесіне шыбын-шіркей мен тышқан улауға дизенфекция мамандары түтіндік қойыпты.

Ал мектеп директоры "сабақтың аяқталғанын күтпей улауға рұқсат берген –  шаруашылық меңгерушісі" деп ақталды. Сондықтан басшы тек қатаң сөгіспен құтылды.

Сондай-ақ каникулды күтпей шыбын-шіркей улауға жол бергені үшін қалалық білім бөлімінің басшысы да жазасыз қалмады. Оған да сөгіс жарияланған.

"Нақты сабақ кезінде өткізгені үшін мектеп директорына және қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс түрінде қатаң тәртіп жазасы қолданылды. Сонымен бірге осы шараның басы-қасында болған мектеп-гимназияның шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары жұмыстан босатылды", - деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.




Көрілген: 1411    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 11:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31