Оқиға

Ақтөбеде үйіне оралмаған бойжеткен жалдамалы пәтерден табылды

  • Ақтөбеде үйіне оралмаған бойжеткен жалдамалы пәтерден табылды

    Ақтөбеде үйіне оралмаған бойжеткен жалдамалы пәтерден табылды

Ақтөбеде 17 жастағы ақтөбелік бойжеткенді іздеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№3 қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғыны хабарласты. Ол 2004 жылы туған қызының үйіне оралмағанын айтты. Іздестіру іс-шараларына Ақтөбе қаласы ПБ қызметкерлері, полицияның кешенді күштері және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Өтініш түскен сәттен бастап іргелес аумақтар, орман алқаптары, қараусыз қалған құрылыс обьектілері тексерілді. Іздестіру шараларының нәтижесінде 17 жастағы қыз табылды. Ол достарымен бірге жалдамалы пәтерде болған.

«Бала үйінен бірінші рет хабарсыз кеткен кезінде ата-ана мұқият болуы керек. Себебі ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Баланың пікірін білген дұрыс. Сонымен қатар, уақытты жоғалтпау үшін дереу полицияға хабарласуы керек. Жоғалған қыздың ата-анасы полицияға түн ортасында хабарласқан. Ал ол уақытқа дейін өз бетінше іздеу жұмыстарын жүргізген», - дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 08:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30