Оқиға

Ақтөбеде вахтадан қайтқан мұнайшылар жантүршігерлік жол апатынан көз жұмды

  • Фото: Instagram/ zello.aktobe

    Фото: Instagram/ zello.aktobe

Бүгін Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында үш адамның өлімі орын алды. Оқиға "Жанажол-Северная трува" мұнай мекемесінің аумағында Ащысай ауылында болған. Аталған мекеменің жұмысшылары вахтадан қайтып келе жатқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.


"18 наурыз күні таңғы сағат 8:00 шамасында Мұғалжар ауданында адам өлімімен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Күзет қызметінің "Паз" автобусы мен "Урал" су тасу көлігі түйіскен. Автобус жургізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қалған 9 жолаушы мен "Урал" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.


Ал дәрігер ауруханаға түскен 10 адамның біреуі ауыр жағдайда екенін мәлімдеді.


"Қазір Қеңқияқ ауруханасында 10 адам жатыр. Жарақаттары әртүрлі. Бір адамның жарақаты ауыр, ауруханаға ес-түссіз жағдайда жеткізілді. Ауданнан мобилді жылжымалы бригада кетті. Құрамында невропатолог, хирург, реаниматолог, ренгенолог, травматолог бар. Қазіргі уақытта түскен адамдардың денсаулығы тексеріліп, жарақаттары анықталып жатыр. Он адам бір уақытта түскен соң барлық медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Ауруханаға жеткізілгендердің қатарында Мұғалжар, Ойыл, Алға, Темір ауданының тұрғындары бар. Вахтадан қайтып келе жатқан адамдар болу керек",-дейді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Есентемір Демегенов.






 




Көрілген: 758    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.03.2019, 21:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31