Оқиға

Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен төсек қатынасына түскені үшін сотталуы мүмкін

  • Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен төсек қатынасына түскені үшін сотталуы мүмкін

    Ақтөбелік бозбала сүйіктісімен төсек қатынасына түскені үшін сотталуы мүмкін

Ақтөбеде жасөспірім 16 жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынаста болғаны үшін сотталуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Бұл туралы НеМолчиKZ қоры Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Онда кәмелет жасына толмағандар қыз-жігіт болып кездесіп жүргені айтылған. Бала 17-де, ал қыз 15 жаста. Шілде айында екеуі бірге баланың әжесінің үйіне қашып кеткен. Оларды ата-анасы үйіне қайтарғанымен, жасөспірімдер кейіннен қайта қашып кетеді. Оларды сол күні тапқан бойда қыздың анасы медициналық сараптама жасауды талап етеді. "16 қыркүйекте бозбала қылмыстық кодекстің 122-бабы "он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынды", &ndash делінген хабарламада. Сонымен қатар, оның 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылды. 18 қыркүйекте Ақтөбенің тергеу соты бозбаланы екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 

Жазба авторының айтуынша, қыздың анасы сараптаманы талап еткеніне өкініп отыр. Себебі, заңның балаларға қатал болатынын білмеген. Ата-анасы екі жасөспірімнің үйленуіне қарсы емес, алайда бұған заң рұқсат бермейді. "Заңға қайшы әрекетті көріп отырмыз, бірақ неге тергеу сотына жәберіленуші тарапты шақырмады? Неге қыздың анасына өз пікірін айтуға мүмкіндік бермеді? Неліктен қорғаушылар ақша алып, өтініш жазбайды? Айыпталушы тараптың адвокаты ештеңе істеген жоқ. Тіпті, сот шешіміне наразылық білдірмеді. Ол жәбірленуші тарапты сотқа шақыруды неге талап етпеді? Балалар аңғалдығы мен ақымақтығынан ешкімнен ештеңе жасырған жоқ. Олар полиция бөлімшесінде де бір-бірін жақсы көретінін дәлелдеді емес пе? Ал нағыз педофил бәрін соңына дейін жоққа шығарады", &ndash деп жазды ол.

Жазба авторы бұл істе сыбайлас жемқорлық бар болуы мүмкін екенін де айтты. "Мүмкін ата-аналар біреуге ақша төлеуден бас тартқан шығар? Қазіргі уақытта қаншама зорлықшы сараптама бойынша қылмысы расталса да бостандықта жүр. Қамқоршылық органдар жасөспірімдерді неге қорғамайды", &ndash деп жазды ол. Еске сала кетсек, осыған дейін 20 жастағы Леа Кордис 2017 жылы жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түскені үшін екі жылға сотталғанын жазған едік. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 849    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 19:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30