Оқиға

Алматы әуежайынан адамдар эвакуацияланды

  • https://kursiv.kz/

    https://kursiv.kz/

Бүгін, 10 ақпанда, 102 шұғыл байланыс желісіне 17 сағат 52 минутта белгісіз біреуден қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Ер адам Алматы халықаралық әуежайына мина қойылғанын айтқан.

 

- Бұл ақпараттан дереу Көліктегі полиция департаментінің бөлімшелері құлақтандырылды. Әуежайдағы адамдар эвакуацияланып, нысан қоршауға алынды. Қоңырау шалушының жеке басын анықтау жұмыстары да жүргізілді. Бұл 1997 жылы туылған Б. Деген азамат. Қазір оны Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ұстап, Алмалы ауданының полиция бөліміне алып кетті. Бұл адамның қалалық психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұрғаны анықталды. Бұрын осыған ұқсас әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, - дейді Алматы қаласы ПД жедел басқару орталығының басшысы, полиция полковнигі Андрей Квашнин.

 

Әуежайға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Қалалық жедел-іздестіру жұмыстары аяқталды. Дүрлігіп, алаңдауға негіз жоқ.

 




Көрілген: 228    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.02.2020, 21:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30