Алматы әуежайында 47 жастағы ер адам полицейдің ар-намысына тиген (видео)

18 қазан 2021, 17:45

Ол мас күйінде айналасындағыларға қоқан-лоқы жасап, заңды талаптарға бағынбаған, сондай-ақ полиция қызметкерін балағаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Аталған факт ҚР ҚК 378-бабының 2-тармағы (Билік өкілін жария түрде қорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаменті қызметтік міндеттерін орындау кезінде полиция қызметкерлеріне тіл тигізуге, бағынбауға және күш қолдануға қатысты 20 фактіні тіркеді.

 

Жоғарыда аталған барлық қылмыстық құқық бұзушылық факті бойынша материалдар сотқа жолданды.