Алматы әуежайындағы ұзын сонар кезек видеоға түсірілді

02 маусым 2022, 18:55

Алматы әуежайындағы халықаралық рейстерді тіркеу орындарында ұзын сонар кезек пайда болды. Бұл туралы куәгерлер айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлер халықаралық рейстерге тіркелу кассаларында жолаушылар қаптап тұрғанын айтқан.

 

Олардың айтуынша, әуежайдың бес кассасында 6-7 рейс жолаушылары жиналып қалған.

 

 

Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәліметінше, Air Astana әуекомпаниясы рейстеріне ұзын сонар кезек пайда болған.

 

Air Astana әуекомпаниясы мәліметі бойынша, таңғаларлық ештеңе болмаған және жолаушылар Грекияға жаңа рейске отыруға жиналған.