Оқиға

Алматы-Қорғас жолында жанып кеткен екі әйелге көмектеспек болған куәгер видео жариялады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы-Қорғас жолында екі әйелдің көлікте тірідей өртеніп кеткені туралы оқиғаның видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Көліктің жанған сәті көмек көрсету үшін тоқтаған машинаның видеотіркегішіне жазылған.

 

Видеодан жол жиегінде тұрған автокөліктің алдымен түтіндеп, кейін қызыл жалынға оранғанын көруге болады.

 

Сол сәтте ер адам көліктің алдыңғы есігін ашып шығады. Артқы есік ашылғанымен, басқа ешкім шығып үлгермейді, көлік өртке оранады.

 

Өзге көліктің жүргізушісі машинасын бірден тоқтатып, өрт сөндіретін құрылғысын ала жүгіреді. Алайда, жалынды өшіру мүмкін болмайды.

 

«Екі әйел адам тірідей жанып кетті. Мен көмектесуге барынша тырыстым. Бірақ өртті өшіру мүмкін болмады», — деп жазған видео авторы.

 

 

 

 

 




Көрілген: 560    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.06.2021, 11:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31