Алматы маңында 15 жастағы қыз жоғалып кетті

18 сәуір 2018, 18:16

Алматы маңында 15 жастағы Малика Орақбаева жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Анасының айтуынша, 15 сәуірде сағат шамамен 17.00-де қыз "Алтын Орда" базарының маңынан "Фабричныйға" кеткен. Содан үйіне қайта оралмапты.

"Қызым әлі жоқ. 9-сыныпта оқиды. Көк джинс шалбар, қызғылт блузка және ақ жолағы бар қоңыр кардиканы болған", - дейді әйел.

Анасы Алматы облысы Жамбыл аудандық ІІБ-ге арыз жазды.