Оқиға

Алматы маңында 3 жасар қыз жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы маңындағы тасжолда жүріп бара жатқан көліктен 3 жасар қыз құлап түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Баланың құлаған сәті бейнетіркегішке түсіп қалған. Кейін видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

 

Кадрларда көгілдір автокөлік қарама-қарсы бағытқа қарай солға бұрылатыны көрінеді. Бұрылып жатқанда тура жолдың ортасында көліктің алдыңғы жолаушылар есігі ашылып кетіп, ішінен кішкентай қыз құлап түседі. Ол бірден орнынан тұрып, не болғанын түсінбей айналасына қарап тұрады.

 

Көлік жүргізушісі әйел адам болып шығады, ол сол сәтті тоқтап, балаға жүгіріп шығады.

 

 

Алматы облысы ПД мәліметінше, оқиға 17 мамырда сағат шамамен 10-да Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентінде болған.

 

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлік құралының жүргізушісін, құлап кеткен 3 жасар қыздың 32 жастағы анасын анықтады. Қыз сол уақытта көліктің алдыңғы орнында арнайы балаларға арналған орындықсыз және белдік тақпай отырған. Абырой болғанда қыз кездейсоқ жағдайда зардап шеккен жоқ", - деді полицейлер.

 

Hundai Elantra автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды, әйелге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

 




Көрілген: 1682    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 17:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30