Оқиға

Алматы маңында ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті

  • Видео кадрлары

    Видео кадрлары

Алматы облысы Қарасай ауданы Жамбыл ауылындағы жолдан өткісі келген ер адам мен екі баланы жүк көлігі қағып кетті. Қайғылы оқиға видеобақылау камерасына түсіп қалған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Етікші, жергілікті тұрғын. Балаларымен өзенге шомылуға бара жатқан. Қызы оқиға орнында қаза болды, балаарбадағы ұлын итеріп жіберіп үлгерген. Ұлы тірі", - делінген Instagram-дағы kaskelenkz парақшасында.

 

Ескерту, жүрегі әлсіздерге көруге болмайды!

 

 

Оқиғаға қатысты Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, оқиға 28 маусымда 14:50-де Алматы-Нұр-Сұлтан тасжолында болған.

 

"ЗИЛ маркалы жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі трассамен оңтүстік бағытта келе жатып, 30-шақырымда белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жергілікті тұрғын мен тоғыз жастағы бала қаза болды. Үш жасар бала ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

 

 

 




Көрілген: 1986    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 17:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30