Алматы маңында жер сілкінді

27 мамыр 2022, 08:31

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні 21 сағат 50 минутта жер сілкінісін тіркеді. 
 
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 71 шақырым жерде Қазақстанда орналасқан. 

Магнитудасы: 5,5 Тереңдігі: 10 км. 

Жер сілкінісінің 2-3 балдық дүмпуін Алматы және Алматы облысының тұрғындары сезінген.


BAQ.KZ