Оқиға

Алматы облысында 14 жасар қыз анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен

  • Алматы облысында 14 жасар қыз анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен

    Алматы облысында 14 жасар қыз анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен

Алматы облысында жасөспірім анасының ақшасын ұрлап, үйден қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол жалғыз өмір сүргісі келетінін айтып хат қалдырған.

11 қазанда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шелек ауылының 39 жастағы тұрғыны 14 жастағы қызының жоғалғанын айтып арызданған.

Шелек полициясының тергеушісі, полиция капитаны Баубек Ахметов істі өндіріске қабылдап, 9 қазан күні анасының қызын оқығысы келмейтіні, үй жинамағаны және үлкен қызы ретінде көмектеспегені үшін ұрғанын анықтады.

Анасына ренжіген жасөспірім 11 қазанда үйден кетіп бара жатып, анасының сөмкесінен жиһаз сатып алуға дайындап қойған 308 000 теңгесін алып, жалғыз өмір сүргісі келетіндігі туралы хат жазып қалдырған. Үйден қашып кеткен жасөспірімнің телефоны жауап бермеген.

Тергеуші суретімен бірге жасөспірім киімінің сипаттамасын жасап, іздеушілерге жеке тапсырма беріп, жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне бағыт-бағдар жіберген. Келесі күні жедел уәкіл полиция капитаны Данияр Боланов қыздың Алтын Орда базарының жанынан екі аптаға пәтер жалдағанын анықтады. Ол пәтерден жасөспірімді таппаған.

Іздестіруді жалғастырған ол Алматы қаласындағы бір саябақтан жасөспірімді тауып, одан жұмсалмаған 131 000 теңге көлеміндегі ақшаны тәркілеген. Қызы мен ақшасын қайтарған полицияға ата-ана шын жүректен алғысын айтты.

Полицейлер анасынан кешірім сұраған қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді. Анасын ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.




Көрілген: 1061    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.10.2020, 08:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30