Оқиға

Алматы облысында 15 жастағы қыз кенеттен қайтыс болды

  • Фото: facebook.com / ilzat.akchurin

    Фото: facebook.com / ilzat.akchurin

Алматы облысында 2005 жылғы қыз кенеттен көз жұмды. Өкінішке қарай, оқиға орнына келіп жеткен дәрігерлер оған көмектесе алмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Қайғылы оқиғаны Facebook қолданушысы, журналист Илзат Акчурин өз парақшасында мәлім етті.

 

"Маған хабарласып, 15 жастағы Әсем Оразованың моншада есінен танып қалғанын айтты. Ол жерде нақты қанша уақыт жатқаны белгісіз. Әзірге ресми ақпарат жоқ", – деп жазды ол.

 

Көршілердің айтуынша, жедел жәрдем оқиға орнына бірден жеткен. Аурухана қыздың үйіне жақын маңда болған. Алайда, куәгерлердің сөзіне қарағанда, жас дәрігер ештеңе істей алмаған, себебі, ешқандай құрал-жабдық пен дәрі-дәрмек болмапты.

 

Журналист сөзінше, оқиға болған ауылдағы медициналық мекеме жайында теріс пікірлер көп айтылатын көрінеді. Атап айтқанда, ол жерде дәрігерлердің, құрал-жабдықтардың, дәрі-дәрмек пен қызметтік көліктердің жетіспеушілігі жиі сөз болады.

 

"Бұл ата-ана үшін үлкен қасірет. Көңіл айтамын. Мемлекеттік органдардан осы оқиғаны бақылауға алуларын сұраймын", – деп жазды Илзат Акчурин. Бұл мәселеге қатысты Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

 

"2005 жылы туған науқас жедел жәрдем көлігі келгенше қайтыс болған. 2020 жылдың 28 мамыры сағат 21:35- те диспетчерлік қызметке қоңырау келіп түсті. Көлік қиға орнына 21:39-да жетті. Бригада келгенде қызда өмір сүру белгілері болмаған. Осыған байланысты, реанимация және басқа да шаралар жасалмайды. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметкерлері барлық қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. 2020 жылдың 28 мамырында сағат 21: 43 биологиялық өлім тіркелді. Дене сот-медициналық сараптамаға берілді",- деді басқармада.

 

Еске сала кетейік, кеше Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында химиялық қоспаның буына күйген төрт адамның қайтыс болып, тағы екеуінің ауыр хәлде ауруханаға жеткізілгенін хабарлағанбыз.

 




Көрілген: 3388    Пікірлер: 0

жұма, 29.05.2020, 19:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31