Оқиға

Алматы облысында 16 жастағы аяғы ауыр бойжеткен көлік апатына түсті

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысында 16 жастағы бойжеткен көлік апатына түсті. Ол Талғар аудандық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«2003 жылы туған науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Ол жүктіліктің 2-3 аптасында. Дәрігерлердің қарауынан кейін, ауруханаға жатудан бас тартты. Амбулаториялық жағдайда ем қабылдайтын болады», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.


Алдын-ала мәлімет бойынша, Қызыл Қайрат аулынан шыға берісте жедел жәрдем көлігі жол талғамайтын автокөлікпен соқтығысқан.


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатқандықтан, аяғы ауыр бойжеткеннің нақты қай көлікте болғаны әзірге белгісіз.


Куәгерлердің айтуынша, бұл аймақта көлік апаты жиі болып тұрады. Мұның себебі - ескерту белгілерінің жоқтығы және кептелістердің салдарынан жүргізушілер қарсы бағытқа шығып кетеді екен.


 




Көрілген: 294    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.11.2019, 10:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30