Оқиға

Алматы облысында 16 жастағы оқушы асулы күйде табылды

  • © Zakon.kz

    © Zakon.kz

Алматы облысы Талғар ауданында 9 сынып оқушысы асылып қалды. Қайғылы жағдай Қызылқайрат ауылында болған деп хабарлайды аудандық білім бөліміне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


9 сынып оқушысы кеше түнде (30 сәуір) өз үйінде асылып қалған.


"2003 жылы туған оқушының өз үйіндегі ағашта электр сымына асылып қалғанын алдымен анасы көрген. Ата-анасының айтуынша, ол анасының компьютер ойнама деген ескертуіне ашуланған. Түнгі сағат 12:30 кезінде оны анасы сабырға шақырып, аулада ашулы жүрген баласын үйге кіргізген. Бірақ он минуттан соң оның асылып тұрған жерінен шешіп алған. Жеткіншек оқу үлгерім орташа, бірақ мектептің мәдени ісіне белсене араласатын оқушы болған", - деді Талғар аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Құрманбаева.


Алматы облыстық ПД өкілдері 16 жастағы оқушының өліміне қатысты деректі растады.


"Оқиға сәуір айының 29-нан 30-на қараған түні орын алған. Жасөспірімнің өз-өзіне қол салу дерегі ресми тіркелді. Қайтыс болған баланың жақындарына жазып қалдырған хаты бар. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Айта кету керек, ювеналды полиция өз тарапынан осы дерек бойынша тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастыруда", - деді Алматы облыстық Полиция Департаментінің ресми өкіл Серік Үпиев.  




Көрілген: 918    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.04.2019, 21:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31