Оқиға

Алматы облысында 17 жастағы студент жоғалып кетті

  • Алматы облысында 17 жастағы студент жоғалып кетті

    Алматы облысында 17 жастағы студент жоғалып кетті

Алматы облысында із-түзсіз кеткен студент табылмай жатыр. Он күн бұрын үйінен шығып кеткеннен сол күйі хабар-ошар жоқ. Табанынан таусылып тау-тасты сүзіп жүрген арнайы іздестіру тобы 17 жастағы бозбала үйінен кетуді алдын ала жоспарлады деген болжам жасады, - деп хабарлайды КТК арнасы.

 

Өйткені ұшты-күйлі жоғалған бозбала әлеуметтік желідегі парақшаларын түгел өшіріп, ұялы телефонын қалдырып кеткен. Іздестіру жұмысына тілшіміз қатысып қайтты.

 

Равильдің із-түссіз жоғалғанына бүгін оныншы күн. Түс ауа үйден шығып кеткен 17 жастағы бозбала сол күйі қайтып оралмаған. «Томаға-тұйық баланың безіп кетуіне ешқандай себеп жоқ», - дейді туыстары. Ойлары сан-саққа жүгіріп, ұлына алаңдаған жақындары күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылыпты.

 

- Мінезі салмақты, мектепте ең үздік оқушы болған. Равилім не мақсатпен үйден шығып кетті? Кімдермен шығып кетті, біз білмейміз, - дейді Равильдің әжесі Хатизам Ибрагимова, 

 

Масақ ауылының жұрты жұдырықтай жұмылып бозбаланы туыстарымен бірге іздеп жүр. Оны соңғы рет тұрғындардың бірі Қорғас-Алматы тас жолына бағыт алғанын көрген. Содан бері колледж студентінен хабар жоқ. Еріктілер мен полиция, құтқарушылар мен көрші-қолаң табанынан таусылып, төңіректегі тау-тас, өзен-көлді түгел сүзіп шықты. Бірақ баланы табу оңай болмай тұр. Ал арнайы іздестіру тобының өкілдері Равиль үйінен кетуді алдын ала жоспарлады деген болжам жасады.

 

- ІТ мамандарының көмегімен оның барлық әлеуметтік желісін бұздық. Байқағанымыз, Равиль аниме мультфильмдерінің фанаты болған. Компьютерлік ойындарға әуестігі де бар. Ең қызығы, ол үйінен шығарда парақшаларын түгел өшіріп, ұялы телефонын қалдырып кеткен. Барлығын алдын ала жоспарлауы да мүмкін, - «Қоғам» іздестіру тобының мүшесі Ақмарал Қадырқұлова.

 

Шелек ауылының тәртіп сақшылары да жақын маңайдағы аудан-ауылдарды аралап, хабарландыру қағазын іліп жүр. Жұртқа ұшты-күйлі жоғалған студенттің суретін көрсетіп, іліп алар тың ақпарат іздеп әлек.

 

- 31 тамызда із-түзсіз кеткен баланың анасы арызданды. Сол уақыттан біз жедел түрде аудан және Облыстық ішкі сстер басқармаларына бағыттама жіберіп, өзіміз Шелек аумағында іздестіру жүргіздік. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғандықтан, Алматыдан еріктілерді шақырдық. Жол бойындағы барлық дүкеннен сұралды, - Шелек полиция бөлімі бастығының орынбасары Дидар Базарбаев.

 

«Іздестіру жалғасады» деген полиция әзірге ешқандай нәтиже жоғын жеткізді. Соған қарамастан Равильдің туыстары оның үйге аман-есен оралатынына сеніп, үміт үзбей отыр. Бауыр еті баласына алаңдаған ата-ана 17 жастағы бозбаланы көрген-білгендер болса, хабар беруін сұрайды.




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31