Алматы облысында 20 адам ұсталып, 40 қару тәркіленді

09 қаңтар 2022, 15:13

ІІМ мәліметі бойынша Алматы облысында антитеррорлық операция кезінде 20 адам ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

 

Күдіктілерден 40 отты қару мен 500-ден аса оқ-дәрі тәркіленді.

 

Айта кетейік, өңірде күштік құрылымдардың лаңкестерді ұстау жұмыстары жалғасып жатыр. Қалаға кіріп шығатын күре жолдарға блокбекет қойылған. Әскерилер көліктерді тексеріп, жолаушыларды жеке төлқұжаты негізінде өткізіп жатыр.

 

Бүгіннен бастап шаһар ішіне де бекеттер орнатылатынын айтты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметідегілер. Саладағылар, тұрғындарға көшеге себепсіз шықпау керектігін ескертеді.