Оқиға

Алматы облысында анасы пышақтап тастаған 10 жасар баланың беті бері қарады

  • Алматы облысында анасы пышақтап тастаған 10 жасар баланың беті бері қарады

    Алматы облысында анасы пышақтап тастаған 10 жасар баланың беті бері қарады

Алматы облысында анасы бірнеше жерден пышақтаған 10 жасар баланың жағдайы тұрақты. Ол жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бала тұрақты дәрігерлер бақылауында.  
“Баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта. 3 күн бұрын хирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлердің бақылауымен ем қабылдап жатыр”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Баланы ауруханадан қашан шығаратыны әзірге белгісіз. 

Еске сала кетсек, Алматы облысының Іле ауданында 37 жасар әйел 10 жасар баласын пышақтап тастаған болатын. Бала өте ауыр жағдайда ауруханаға түскен. 

Оқиға Өтеген батыр ауылында болды. Instagram-дағы angry_taldyk парақшасында оның тик-токтың қорқынышты кейіпкерлерінен жасырынып жүргенін айтқаны туралы жазылған. Әйел ұлын сол кейіпкерлердің бірімен шатастырып, пышақ ала жүгіріпті.

Stan.kz




Көрілген: 479    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.11.2021, 16:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31