Оқиға

Алматы облысында ауылды су басты (видео)

  • ҚазАқпарат

    ҚазАқпарат

Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылын су басты. Оқиға орнында 100-ден аса маман мен 20-дан аса техника жұмыс істеуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«3 маусым күні сағат 21:00-де Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Пенжім ауылындағы бірнеше көше мен ауланы су басқандығы жөнінде хабарлама түсті. Таулы аймақта жауған нөсерлі жауын салдарынан бүйірлі ағынның қалыптасуы тіркелді. Оқиға орында 100-ден аса адам мен 20-дан астам техника жұмыс істейде. 23 сағат 30 минутта судың ағуы тоқтады. Оқиға орнында қаза болғандар жоқ. Жағдай бақылауда. Арнайы жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.


Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні облыстық ТЖД БАҚ және смс хабарлама арқылы Алматы облысы аумағында маусымның 2-сі, 3-ші күндері нөсерлі жауын-шашын салдарынан таулы аймақтарда судың бүйірлі ағыны мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екендігі туралы хабарлаған болатын.


 




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.06.2019, 09:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30