Оқиға

Алматы облысында әйелдің суреті салынған кішкентай табыт табылды (видео)

  • https://aikyn.kz/

    https://aikyn.kz/

Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болды. Кейін табытқа суреті салынған әйелдің туыстары табылды. Өңірлік полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 

В Instagram-дағы жазбада  Қаскелең тұрғындары «ВКонтакте», «Мен Алматы куәгерімін» әлеуметтік желісінен  табыт түсірілген видеоны тауып алғандарын айтады. Ағаштан жасалған кішкентай табыт видеоға түсірілген.

 

 

«Табыттың ішінде қуыршақ жатыр, қуыршақтың үстінде менің анамның суреті тұр.  Біз бұны жұртқа  жариялап, оны түсірген адамды тапқымыз келеді.  Біз бұндай жағдайға бірінші рет тап болып отырмыз, сондықтан қайда шағымданарымызды білмей отырмыз, сіздерден көмек сұраймыз. Бұл Қарасай ауданында түсірілген секілді», – делінген жазбада.

 

Оқырмандар бұны біреудің жасаған дұғасы деп түсінгендерін айтты.

 

Алматы облысы полиция департменті 15 сәуірде Қарасай аудандық полиция басқармасына Қаскелеңнің 42 жастағы тұрғыны жазбаша шағыммен жүгінгенін хабарлады.

 

«Тексеру кезінде күдікті анықталды. Ол шағым түсірген әйелдің 51 жастағы танысы болып шықты.  Қазіргі уақытта ҚР ҚК 131 бабы «Қорлау» бойынша материал жинақталды. Процессуалдық шешім қабылдау үшін іс Қарасай аудандық сотына жолданады», -делінген полиция хабарламасында.

 

 

aikyn.kz




Көрілген: 924    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 19:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31