Оқиға

Алматы облысында бір топ ер адам тас жолдың бойында төбелесті (видео)

  • Видеодан кадр: instagram.com/krispi.almaty

    Видеодан кадр: instagram.com/krispi.almaty

Әлеуметтік желілерде жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Онда ер азаматтар арасындағы жанжалдың Алматы облысында орын алғаны айтылған. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Кадрдан жастардың тас жолдың бойында сөзге келіп қалғаны бейнеленген. Сонымен қатар, олардың бірінің тас лақтырғаны да роликте анық көрінеді.

 

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 15 қыркүйек күні 15.20 шамасында Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жаппай төбелес туралы хабарлама түскен.

 

Онда жанжалдың Алматы-Жандосов тас жолының бойында, Қырғауылды ауылында болғаны айтылды.

 

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары тексеру барысында екі алматылық пен Қырғауылды елді мекенінің тұрғындарының арасында текетірес болғанын анықтады.

 

Ведомство жанжалдың 25 жастағы қатысушысының түрлі жарақатпен ауруханаға түскенін хабарлады. Қалғандары полиция бөліміне жеткізілді.

 

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

 

 

 

 

 




Көрілген: 2975    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 12:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31