Оқиға

Алматы облысында ер адамды аю талап өлтірді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысында 41 жастағы Ресей азаматын аю талап, мерт болды. Қайғылы жағдай Алакөл ауданында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бала күнінен Алакөл ауданындағы Лепсі ауылында тұрып келе жатқан 1979 жылғы Ресей азаматы достарымен бірге балық аулауға барған. Оқиға Ұлттық парктің аумағында болған. Әлгі азамат сол жерде борсықты көріп, артынан қуа жөнелген. Бірақ, артынша оның жанұшырған даусы естілген. Достары жеткенде ол қаңсырап жатқан. Сол маңда жүрген адамдар аюды көрген. Олардың болжамынша, әлгі аң борсық емес, аюдың қонжығы болуы мүмкін. Сірә, қонжығын қорғаған аю адамға тап берген болар. Жарақат алған ресейлік көз жұмды», - дейді бұл оқиға жайлы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

 




Көрілген: 1163    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.05.2020, 01:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31