Алматы облысында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

27 қараша 2020, 08:10

Оқыс оқиға туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне кешкі сегіздер шамасында жеткен.

 

Жарылыс Талдықорған қаласының Еркін ауылы жеке тұрғын үйлердің бірінде болды.

 

Салдарынан өрт шықпаған. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады.

 

Сыйымдылығы 5 литр болатын баллонның жарылысынан 8 адам, оның ішінде 3 бала жапа шекті. Барлығы ауруханаларға жеткізілді.

 

Алдын ала болжам бойынша, тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою жарылысқа себеп болған.

 

 <iframe width="500" height="305" src="https://www.youtube.com/embed/p3zPDO_tMKo" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

24.kz