Алматы облысында ит тоғыз жасар баланы талап тастады

28 сәуір 2022, 19:16

Иесіз ит мектеп оқушысын дүкенге бара жатқанда талап тастаған. Бұл туралы Экспресс К тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Оқыс оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында болған.

 

Азулы иттің аранынан анасы әрең аман алып қалған. Баланың самайы мен көзінің тұсы қатты жарақаттанған.

 

"Оқиға 22 сәуір кешкі сағат 19:00-де болды. Қаңғыған ит 9 жастағы Шәріпжан Халифаны тістеп алған. Бірден жедел жәрдем шақырылып, бала Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір оның жанында анасы бар. Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты", — дейді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бахтияр Айталы