Оқиға

Алматы облысында жас жігіт анасының көңілдесінің көлігін ұрлап, терезесін шағып тастаған

  • Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

    Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

22 мамырда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Малыбай ауылының 34 жастағы тұрғыны "Mitsubishi Galant" көлігінің ұрланғанын айтып, полицияға арызданған, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Тексере келе анықталғандай, ол соңғы рет көлігімен көңілдес әйелдің үйіне барған екен. Бие сауымдай уақыттан кейін көлігінің жоқ болғанын байқапты.

 

Іздестіру барысында әлгі онсыз да ескі көлік капоты майысқан, айнасы сынған, терезелері шағылған күйде әйелдің 19 жастағы ұлынан табылды.

 

Ұл ұрлыққа барғанын да, көлікті ұрғанын да мойындады. Анасының жаңағы еркекпен кездесіп жүргені жынына әбден тиген көрінеді.

 

Көлік иесіне қайтарылды, күдіктіге қатысты келуге міндеттеу шарасы қолданылды.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 1299    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31