Оқиға

Алматы облысында жасөспірімдер көкпарға ит тартқан

  • Фото видеодан алынған

    Фото видеодан алынған

Алматы облысында жасөспірімдер жолдың ортасында көкпар өткізген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Куәгер оқиға Фабричный кентінде болғанын жазған. Ол жасөспірімдер көкпар ойынын ұйымдастырып, қойдың орнына басы жоқ итті қолданғанын айтты.

 

"Біз күтпеген жерден көкпарға куә болдық. Жасөспірімдер қойдың орнына басы жоқ итті алып жүр. Балаларым да көрді, олар жылап, шошып кетті. Бұл қалыпты жағдай ма? Ата-ана неге өз балаларын тәрбиелемейді? Оларға бұл қызық ойын болып көрінеді ме? Демек иттің басын жұлып алу олар үшін үйреншікті болғаны ғой. Бұл - қатігездік. Олар осылай өз жолын байлайды. Адамдардан қорықпаса да, Алладан қорқу керек", - деді әйел.

 

 

Алматы облысының полиция департаменті жасөспірімдерді іздеумен айналысатынын мәлімдеді. Олардың жеке басы анықталғанан кейін шара қабылданады.

 

Полиция мәліметінше, оқиға Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қырғауылды ауылында болған.

 

 




Көрілген: 490    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.08.2021, 17:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31