Оқиға

Алматы облысында жігітімен бірге қашып кеткен 16 жасар қыз таудан табылды

  • Алматы облысында жігітімен бірге қашып кеткен 16 жасар қыз таудан табылды

    Алматы облысында жігітімен бірге қашып кеткен 16 жасар қыз таудан табылды

Алматы облысында 16 жастағы қыз үйден кетіп, содан қайтып оралмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осындай маңызды ақпарат Қапшағай аудандық полиция басқармасына келіп түскен.

Қапшағай қаласының 16 жастағы тұрғыны ата-анасынан сұранып, құрбысының үйіне қонуға кеткен. Ата-анасы қызының жоспарынан мүлдем бейхабар еді. Бойжетіп қалған қызының әрекетінен күмәнданған әкесі тексеруді жөн көреді. Түйсігі алдамағанын және қыздың құрбысының үйіне келмегенін білген әкесі бірден полиция көмегіне жүгінген.

Қыздың мекенжайын анықтауға жедел уәкілдер жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жоғалуына негіз болатын барлық нұсқаны пысықтады. Оның ұялы телефоны өшірулі және қыздың достары мен таныстары соңғы күндері қызбен хабарласпаған болып шықты.

Із кесушілердің шұғыл әрі кәсіби шеберлігі нәтижелі болып, бір тәулік ішінде із-түзсіз жоғалған қыз тауда жақын танысының жанынан табылды.

Кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз жігітімен тауға қашып кеткен. Жасөспірімдер өздерінің іске аспай қалған жоспары мен ниеті жайлы тіс жармады. Жасөспірімдермен түсіндіру жұмысы жүргізілді.

 

 




Көрілген: 724    Пікірлер: 0

сенбі, 08.08.2020, 01:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31