Алматы облысында жол бойынан ер адамның мәйіті табылды

27 қыркүйек 2022, 17:39

Алматы облысында автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 қыркүйекте Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-ға Көлді ауылының маңындағы автожолдың бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

 

Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ПБ СДТБТ-де тіркелді.

 

Қайтыс болу себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

 

– Қазіргі уақытта жеке басын анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шаралар қабылдануда, – деді Алматы облысы Полиция департаментінде.