Оқиға

Алматы облысында жолаушылар мінген "Газель" қар көшкіні астында қалып қойды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Алматы облысында жолаушылар мінген "Газель" қар көшкіні астында қалып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Оқиға 9 ақпан күні сағат 17.00-де Панфилов ауданының Басқұншы ауылдық округінде, таулы жерде, жаңадан салынып жатқан Шүкірбұлақ - Қазанкөл трактор патрульдік жолының 23-ші шақырымында орын алды. Екі қар көшкіні "Газельді" басып қалған. Оның салонында осы жолды салумен айналысатын мердігер ұйымның жеті қызметкері болды. Адамдар жұмыстан 19 шақырымда орналасқан уақытша базаға кетті.

 

"Мердігерлік ұйымның күшімен және қаражатымен көшкінге ұшыраған жеті қызметкерге өз бетінше көмек көрсетілді. Қар көшкіні салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, жол тазаланды. ТЖД құтқарушыларын оқиға орнына шақырған жоқ. Жағдайды нақтылау үшін оқиға орнына ТЖД, "Қазселденқорғау" және ЖАО қызметкерлері төрт адамнан шықты", - деп хабарлады облыстың ТЖД.

 

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының ТЖД өңірдің таулы аудандарында көшкіннің болуы мүмкін екенін ескерткен болатын. Облыс аумағында көшкін қаупі бар жағдай бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Осыған байланысты сақтық ережелерін сақтау және таулы жерлерге барудан және серуендеуден бас тарту қажет.

 

 

 

 

 




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30