Оқиға

Алматы облысында жолда кетіп бара жатқан көлікке оқ тиген (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы облысында жүйткіп бара жатқан көлікке оқ тиді, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Оның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

 

ГРЭС пен Кұлжа трассасының бойында жолда келе жатқанбыз, сағат 14-15 шамасында біздің көлікке қаңғып келген оқ тиді. Ол автоматтың ба әлде тапаншаның оғы ма, білмеймін, ұзын оқ. Міне, шығарып жатырмын, көрдіңіздер ме оқты? Бұларада мына кісі отырған. Құдайдың өзі оны сақтап қалды, - дейді ер адам видеода.

 

 

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

 

Алматы облысының полиция департаменті осы факті бойынша 37 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны Талғар аудандық полиция бөлімшесіне арызданғанын хабарлайды.

11 қаңтарда сағат 14.30 шамасында Қайнар ауылының шетінде белгісіз біреулер оның Ауди-80 автомашинасын белгісіз затпен зақымдаған.

Бұл факті ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабы,1-бөлімі, "Өзге адамдардың мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, оған айтарлықтай зиян келтіру" бойынша тіркелді.

Күдіктілерді анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі мақсатында өзге мәліметтер жария етуге жатпайды, - делінген хабарламада.

 

 

 




Көрілген: 527    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28