Алматы облысында жұмысшыны темір конструкция басып қалды

22 желтоқсан 2021, 08:06

Алматы облысында темір конструкцияның астында қалған ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, қайғылы оқиға 20 желтоқсанға қараған түні болған.

 

Ведомствоның кезекші бөліміне Іле ауданындағы Байсерке ауылында темір конструкция көмегімен жүгеріні тиеу кезінде адам жаншылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

 

«Оқиға орнына шұғыл жеткен ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы зардап шеккен адамның қаза болғанын анықтады. Құтқарушылар темір кескіш араның көмегімен металл құрылымның түбін кесіп алды. Оны кранның көмегімен көтеріп, астынан майып болған, 1982 жылғы адамның денесі алынды», - делінген хабарламада.

 

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.