Оқиға

Алматы облысында карантин ережесін бұзбақ болған бір топ адам қолға түсті

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Алматы облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жедел уәкілдері бір топ тұлғаның карантин аймағының шекарасын заңсыз кесіп өтуге оқталғанын әшкереледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылы маңында карантин кезінде жолаушыларды заңсыз тасымалдау дерегін тексеру барысында тәртіп сақшыларының назарына 5 адамнан құралған топтың әрекеті күдік тудырған. Олар Алматы қаласының аумағынан Алматы облысына блокпосттарды айналып, жасырын өтуге тырысқан. Сонымен қатар, полицейлер заңсыз өтушілерді алдын ала келісім бойынша белгіленген жерде күтіп тұрған такси жүргізушісін де ұстаған», - деді Алматы облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы полиция полковнигі Әсет Карменов.

 

Ұсталған бес азамат пен кәмелетке толмаған жасөспірімнің анасына төтенше жағдай тәртібін бұзу дерегі бойынша ҚР ӘҚбК 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Толтырылған хаттама сотқа жіберіліп, құқық бұзушылар әкімшілік жауапқа тартылатын болады.

 

Айта кетейік, облыстық полицияның Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Алматы облысы аумағындағы шектеу және блокпосттарда тұрғындардың заңсыз әрекеттерін болдырмау және оның алдын алу шараларын белсенді жүргізуде.


 




Көрілген: 464    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31