Оқиға

Алматы облысында көлік апатынан ерлі-зайыпты мерт болып, кішкентай сәби аман қалды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Наурыздың 17-нен 18-не қараған түні Алматы-Өскемен тас жолының 170 шақырымында көлік апаты болды. «БМВ» маркалы көлігімен «Камаз» жүк көлігінің соқтығысуынан екі адам көз жұмып, бір жасқа толмаған кішкентай бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Алдын-ала болжам бойынша, Камазға соғылған «БМВ» көлігі артынша жанып кеткен. Жеңіл көлікте болған ерлі-зайыпты қайтыс болды. Ал аман қалған кішкентай баласы Көксу аудандық ауруханасына жеткізілген.


«Қазір аталған факті бойынша, ҚР ҚК 345 бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған факті облыстық Полиция департаментіндегі Анықтау басқарамасының өндірісінде», -деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Алдын-ала мәлімет бойынша, «Камаз» жүргізушісі зардап шекпеген және ішімдік ішпегені анықталды. Биресми мәліметке сәйкес, «БМВ» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып, Камазға келіп соғылған.


 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.03.2019, 22:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31