Оқиға

Алматы облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерді соққыға жыққан (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Алматы облысында жүргізуші төбелес шығарды. Оқиға Іле ауданы Боралдай кентінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 

Куәгерлердің сөзінше, «Водник» ықшамауданындағы базардың алдынан жылдам өте қоймаған екі жаяу жүргіншіге «Ниссан» маркалы, мемлекеттік нөмірі «415 ALU 05» көлігіндегі жүргізуші жұдырық ала жүгірген.

 

Жол ортасына машинасын қоя салып төбелес шығарған жүргізушінің кесірінен көлік кептелісі пайда болған. Ашулы жүргізуші  адамдардың  ажыратқанына да,  халықтың айқайына да қарамаған.

 

Көлігін жолдан алуды талап еткен халықтың наразылығынан соң, жүргізуші  төбелесті жолдың шетіне шығып жалғастырған.

 

«Бұл жүргізуші осы Боралдайда тұрады. Осылай жолдағы адамдармен төбелесіп жүретін бұзық жігіт», - дейді куәгерлер.

 

Қоғамдық тәртіпті бұзған жүргізуші жаяу жүргіншіні бірнеше рет жерге құлатып, ауыр соққылар жасайды.

 

Төбелес 1 мамыр күні сағат 19:20 шамасында «Алатау» базарының алдында болған. Кептелістің кесірінен жедел жәрдем көлігінің дабыл қосып, өте алмай тұрған. Қарсыласына соққы жаудырып, бетінен тепкілеген жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

 

Алматы облыстық ПД аталған жағдайға қатысты мән-жайды анықтап жатқанын айтты.

 

 

 

 

 




Көрілген: 3543    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 09:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30