Оқиға

Алматы облысында көшедегі ағаш көлікке құлап, бір адамды көз жұмды

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматы облысында қатты дауылдан көшедегі ағаш құлап, бір адамды мерт қылды. Қайғылы оқиға Көксай ауылында болған. Ал, сұмдық жағдайды көзімен көрген тұрғындар үрей құшағында отыр.


- Ағаштың жатқанын көрдім. Әуелі қоршауды қарауға шыққанмын. Әрі қарай көз жүгірткенімде көшеде көліктің жарығы жанып тұрды. Ағаш басып қалыпты. Ішінде ер адам мен әйел отырғанын анық байқадым.


Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай түнгі 11-лер шамасында болған. Қатты желге шыдас бермеген кәрі терек өтіп бара жатқан көліктің үстіне құлапты. Алдыңғы терезені тесіп өткен бұтақ жүргізушінің кеудесіне қадалып, темір тұлпарды тізгіндеген азамат тіл тартпай кеткен. Қазір оқиға орнында газ құбыры мен электр желілері қалпына келтірілген. Бірақ коммуналдық мекеме қызметкерлері кесілген ағаш кеспектерін әлі тасып жатыр. Ал әкімдіктегілер қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды жұмыс атқарып жатырмыз деп ақталды.


Қадырбек Атшабаров, Іргелі ауылдық округінің әкімі:


- Әкімдікке мемлекет тарапынан 3 миллион теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 900-ге жуық қауіп төндіріп тұрған ағаштың 80 пайызын кесіп тастадық. Сондай-ақ, қауіпті 146 теректің 13-і ғана қалды. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қолымыздан келгенше жұмыс атқарып жатырмыз.


 ktk.kz




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

сенбі, 08.06.2019, 00:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31