Оқиға

Алматы облысында қытай жұмысшыларымен арада төбелес болды

  • https://www.arnapress.kz

    https://www.arnapress.kz

Алматы облысында жұмысшылар төбелесіп қалды. Жанжал Талдықорған-Қалбатау тас жолының құрылысшылары арасында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


7 қазан күні Ақсу ауданының аумағында «Алматы-Өскемен» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары барысында «Citic Construction» ЖШС жұмысшылары Қытай елінің 4 азаматы арасында өндірістік қарым-қатынас негізде жанжал шықты. Жанжал соңы төбелеске ұласты.


Төбелес кезінде Қытайдың бір азаматына жеңіл дене жарақаттары келтірілген. Жәбірленуші этникалық қазақ. Қазір Қазақстанда ықтиярхатпен тұрып жатыр.


Ал соққыға жыққандар қытай ұлтының өкілдері. Олар ҚР ӘҚК 73-бабы 1-ші бөлігі «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Сондай-ақ, келесі күні сол серіктестікте жұмыс істейтін жергілікті тұрғындар төбелестің себеп-салдарын толық анықтап алмай, жанжалды сылтауратып, Қытай азаматтарын соққыға жыққан. Төбелесте соққыға жығылған төрт Қытай азаматы әртүрлі дене жарақаттарымен облыстың емдеу мекемелеріне жатқызылды.


Бұл факті бойынша Алматы облыстық полиция департаменті ҚР ҚК 293-бабы, 3-ші бөлігі, 107-бабының 2-ші бөлігі және 106-бабының 2-ші бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер анықталып қамауға алынды.


Сонымен қатар, тексеру барысында Қытай азаматтары 33 адам, ҚР Көші-қон заңнамаларын бұзғаны да анықталды. Қазіргі таңда оларды еліне қайтару мәселелері қаралып жатыр.


Полиция департаментінде Алматы қаласы мен Алматы облысында шетел азаматтарын Қазақстан аумағына келуі мен уақытша тұруын қамтамасыз ететін бірқатар заңды тұлғаларға да ҚР ҚК 394-бабымен сот алды тергеу жұмыстары басталғанын атап өтті.


Тергеу жұмыстары ішкі істер министрінің қадағалауында.


 


 


 


 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31