Оқиға

Алматы облысында мас әйел бөтен біреудің көлігін мініп кеткен

  • © auto.mail.ru

    © auto.mail.ru

Алматы облысында полицейлер жол талғамайтын көлікті айдап әкеткен 41 жастағы әйелді ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға Қарасай ауданында болған. 30 жастағы алматылық Қосөзен кентінде «Тойота Сюрф» автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап әкеткенін айтып, шағымданған.


Полицейлер жол талғамайтын көлікті тапты. Оны ішімдік ішкен әйел тізгіндеген.


«41 жастағы Талғар ауданының тұрғынына көлік ұрлады деген күдік келтіруде. Ол қонаққа келіп, көшеге шыққан соң тұрақта тұрған жол талғамайтын көлікті байқап қалған. Көліктің есігі ашық тұрған және оталып тұрған. Әйел мас күйінде рульге отырып, Алматыға жол тартқан. Оның не себепті бұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.


Мас күйдегі әйел түнде Қарасай ауданынан Алматы қаласына бармақшы болады. Осы мақсатта көрші үйдің ауласында тұрақта тұрған көлікті айдап әкеткен. Полицейлер 30 минуттың ішінде ұрыны ұстады, - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Полицейлер бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады.


Бұдан бөлек, күдіктінің жүргізуші куәлігі болғандықтан, оны мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапқа тартпақшы.


 




Көрілген: 280    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 22:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30