Алматы облысында массажист қызға қол жүгірткен

02 тамыз 2022, 20:02

22 жастағы бойжеткен Өтеген Батыр ауылындағы медициналық орталықтардың бірінде массажистен жәбір көргенін айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Кезекті сеанстардың бірінде массажист қуық безін емдейтін әдіс бар дегенді сылтауратып, қызға тиіскен. Емделіп жүрген қыздың әпкесі жағдайдың қалай болғанын баяндап, массажистке жаза қолдануды сұрап отыр.

 

"Сіңлімнің бел омыртқасы ауырады, сондықтан ол ұсыныстарды ескере, осы массажистке барған. Бірінші сеанс кезінде массаж жасайтын еркектің қасында әйелі мен баласы болған. Екінші рет барғанда бөлмеде ешкім болмаған. Ол сіңлімнің шалбарын шешкен. Сіңліме "қуығыңнан суық өткен" деп, жамбасын сыйпалаған, ақырында іш киімін де шешіп, қынабына саусағын жүгірткен. Ол шошып, қарсылық көрсетіпті. Бірақ, массажист ұялмай, одан әрі сіңлімнің емшегінің ұшынан сүйіп, аймалай бастаған. Сол сәтте қатты шошыған сіңлім айқайлап көмек шақырған", — дейді оның туыс әпкесі.

 

Бойжеткен үйіне келген соң полицияға хабар беріп, жағдайды баяндаған. Полиция массажистің жұмыс орнына барып, күдіктіні тергепті.

 

- Оны оқиға болған күні, 30 шілдеде тергеуге алды. Алайда, дәл сол күні оны әлдебіреу ұрып соқты деген жалаумен, ауруханаға түсті деп естідік. Іс жылы жабылып, оның жазасыз кеткенін қаламаймыз, – дейді қыздың әпкесі.

 

Біздің редакциямыздың сұрауынна жауап береген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

Қылмыстық кодекстің 121 бабы, яғни, "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекетіне бару" бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

 

- Үстінен шағым түскен 48 жастағы ер адам ұсталып, тергелді. Қазір бұл істі Іле ауданының полициясы қолға алды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.