Оқиға

Алматы облысында өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды жасөспірім құтқарып қалды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматы облысының Талғар ауданындағы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің 11 сыныбында оқитын жасөспірім ер азаматты өлімнен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Полицияның ақпаратына сәйкес, Мирас Бейсен ер адамның Талғардағы көпірден секіргенін көріп, бірден көмекке жүгірген.

 

Ол сол сәтте жанындағы досына дереу полиция мен жедел жәрдемге қоңырау шалуды тапсырып өзі ағысы қатты өзенге түсіп, ер азаматты жағаға шығарған.

 

Артынша полиция мен жедел жәрдем де дереу оқиға орнына жеткен.

 

Қазір бұл оқиға ҚР ҚК 105 бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша тіркелген.

 

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам өз-өзіне қол жұмсағысы келген. Жәбірленушінің аяғы сынған және бас-ми жарақатын алған.

 

«Әзірге оны мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз»,- деп мәлімдеді полиция қызметінен.


 




Көрілген: 382    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.06.2020, 17:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31