Қарасай аудандық полиция қызметіне 7 қараша күні отбасылық жанжал туралы хабар түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешендерінің бірінде отбасылық кикілжің орын алған. Оқиға орнына келіп жеткен тәртіп сақшылары бесінші қабаттан секіріп кетпекші болған жас жігітті байқаған. Ащы суға сылқия тойып алып, ағасына ренжіген 20 жастағы жігіт жоғарғы қабаттан секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Мас жігіт туыстарының сөздеріне көнбей, балконда асылып тұрған көрінеді. Полиция департаметігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылар мен туыстарының көмегімен жігітті көтеріп, қайтадан пәтерге кіргізіп алуға мүмкін болған.
Ағайындылардан түсініктеме хат алынып, полицейлер профилактикалық әңгімемен шектелген. Оқиға бойынша жинастырылған материалдар арыздарды тіркеу кітабына енгізілді.
«Егер полиция қызметіне хабарланбаңан жағдайда қайғылы оқиға орын алатын еді. Біз жігіттің аман алып қалғанымызға қуанып отырмыз. Алдағы уақытта бұл жағдай оған үлкен сабақ болады деген үміттеміз. Біз ұандай жағдай болмасын әрқашан көмек қолын созуға дайынбыз деді», - деді облыстық полиция қызметінің хабарламасында.