Оқиға

Алматы облысында перзентхана қызметкерлері мінген шағын автобус аударылды (видео)

  • Оқиға орны. Фото: instagram.com/kris_p_kz

    Оқиға орны. Фото: instagram.com/kris_p_kz

Әлеуметтік желіде жол жиегінде аударылып жатқан шағын автобустың фотосы мен видеосы тарап жатыр. Ақпаратқа сүйенсек, автобустың ішінде перзентхана қызметкерлері болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жол апаты туралы мәлімет Instagram желісіндегі kris_p_issyk парақшасында пайда болды. Жазбаға сүйенсек, шағын автобус ішінде медицина қызметкерлері болған.

 

"Бүгін 07:40-та Маловодное ауылына жетпей Есіктегі перзентхананың көшуіне байланысты перзентхана үйінің қызметкерлерін тасымалдаған "ГАЗель" аударылып кетті. Ішінде 18 адам болған. Жарақат алған көлік жүргізушісі бүйір терезесін сындырып, адамдарды сыртқа шығарды. Төрт адамның жағдайы ауыр. Бұл "ГАЗельді" басшылық емес, қызметкерлердің өздері жалдаған. Тасымалдауды перзентхана басшылығы қамтамасыз етуі керек", - делінген жазбада.

 

Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін таңертең Еңбекшіқазақ аудандық полиция бліміне "Талғар-Есік-Бәйдібек би" тас жолында жол апаты болғаны туралы хабар түскен.

 

"Оқиға орнына барған тергеу-жедел тобы алдын ала Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 41 жастағы жүргізушісі шығыс бағытта, 73 шақырымда, Сатай ауылына жақын жерде, көктайғақ және тұман жағдайында рөлді басқара алмай, аударылуға жол бергенін анықтады. 14 адам, соның ішінде екеуі әртүрлі жарақаттармен Есік қаласының аруханасына жеткізілді", - дейді ведомство.

 

Департамент аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын айтты.

 

Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасы да әріптестерінің қатысуымен жол апатына пікір білдірді. Алайда дәрігерлер зардап шеккендер туралы басқаша дерек берді.

 

"Аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдеммен және өз бетінше 21 науқас жүгінді. Хирургтар, травматологтар барлығын жедел қарады. Алғашқы медициналық көмекті, рентген мен КТ алды. Травматологиялық бөлімге үшеуі жатқызылды, Ауруханаға жатқызуға көрсетілім болмағандықтан 19 пациент амбулаториялық бақылауға жіберілді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

 

 

 

 

 




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.02.2021, 08:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30