Оқиға

Алматы облысында пышақ ұстаған ер адам оқушы қыздарға тап берді

  • © Sputnik / Табылды Кадырбеков

    © Sputnik / Табылды Кадырбеков

Алматы облысының полицейлері екі оқушыны пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған күдіктіні ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


28 мамыр күні Алмалыбақ кентінің тұрғыны Қарасай ауданының полициясына арыз жазды. Әйел белгісіз біреу жергілікті саяжолда құрбысымен бірге серуендеп жүрген 13 жасар қызына тап бергенін айтқан. Ер адам балаларды пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған.


Полиция бірнеше сағаттан кейін күдіктіні анықтады, ол 30 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.


"Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қыздардан алынған ұялы телефондар, сондай-ақ ол қолданған пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына айғақ зат ретінде тіркелді", - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.


Ер адам бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысында отыр.


Sputnik


 




Көрілген: 562    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 17:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31