Алматы-Өскемен тас жолында халық тұтынатын тауарлар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
- 20 сәуір күні сағат 20:53-те Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші байланыс пультіне Алматы облысынан 93 км жердегі Байсерке ауылының тас жолында халық тұтынатын тауарлар тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенді деген хабарлама келіп түсті, деп мәлімдеді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Өрт сағат 21:59-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Тілсіз жауды сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен екі техникасы жұмылдырылды.