Оқиға

Алматы облысында түрмеде төбелес шықты

  • Алматы облысында түрмеде төбелес шықты

    Алматы облысында түрмеде төбелес шықты

Үш сотталушы Қапшағай қалалық ауруханасында жатыр, жағдайы қанағаттанарлық. Колонияда қазір жағдай тұрақты

Алматы облысында қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар арасында жанжал шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 5 қазан күні қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/14 қауіпсіздігі орташа мекемесінде болды. Бірнеше тұтқын арасында тұрмыстық сипаттағы жанжал шықты.

"Мекеме қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскерилері жанжалдың одан әрі ушығуына жол бермеді. Жаппай тәртіпсіздіктің алдын алды", - делінген хабарламада.
Сотталғандарға алғашқы медициналық қызмет көрсетілді. Олардың үшеуі Қапшағай қалалық ауруханасында дәрігерлердің бақылауында жатыр, жағдайы қанағаттанарлық.

Комитет қазір түрмеде жағдай тұрақты екенін мәлімдеді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін колонияға ҚАЖК басшылығы, арнайы прокурор, сондай-ақ, ұлттық превентивті механизм және қоғамдық-бақылау комиссиясының өкілдері келді.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тексеріс жүріп жатыр.




Көрілген: 492    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 10:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30