Оқиға

Алматы облысында уланған оқушыларға қойылған диагноз дау туғызды

  • Алматы облысында уланған оқушыларға қойылған диагноз дау туғызды

    Алматы облысында уланған оқушыларға қойылған диагноз дау туғызды

 Алматы облысында бір мектептің 16 оқушысы уланып қалды. Ата-аналарының айтуынша, балалардың барлығы да мектеп асханасынан тамақтанған. Құрғақ ұнтақтан дайындалған сусыннан улануы мүмкін деген болжам бар. Сабақ үстінде өздерін жайсыз сезінген оқушыларға жедел жәрдем де шақырылмаған дейді ата-аналар. Тек ұйықтатын дәрі салып, үйіне қайтарған көрінеді деп хабарлайды КТК арнасы


Ал дәрігерлер балалар кір қолдарымен ас ішіп, ұшынған деген ұйғарым жасапты. Алайда асханада санитарлық талаптардың сақталмауына қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеуді бастады. Барлығы да бастауыш сынып оқушылары екен. Ата-аналардың айтуынша, басы айналып, жүрегі айныған балаларға жедел жәрдем шақырылмапты.


"Екі қызым алдымнан шықты. Анальгин мен димедрол салған да үйге жіберген. Киімін шешіп үлгермеді, жатқан да ұйықтаған. Сол жатқаннан сағат бесте әрең тұрғыздық. Ал кішкентай 2-сыныптағы қызым сағат алты жарымда тұрды", - дейді Жазира Әлімова.

"Уланбаған деген диагноз шығарып беріпті. Қолдарын жумағандықтан, ата-аналардың өздерінен деп. Сонда біздің кінәміз бе екен? Шындығын айтпай отыр. Бүркемелеп отыр. Қылмысты ата-анаға жауып отыр", - дейді Қабақ Жігерұлы.

Ауруханаға балалармен бірге мектеп директоры да барған екен. Түнімен оқушылардың жанында болдым деген басшы диагноз белгілі болмағанша кетпеген.


"Уланбаған деді. Жай астан ұшынып қалған. Ол тәтті сусыннан болуы мүмкін деді. Тамақтан болмаған. Сондықтан, сусын бермеңдер деді", - дейді Толқын орта мектебінің директоры Бибігүл Сейсебаева.

Ауыл мектебінің асханасы жалға берілген. Ұнтаққа су қосып балаларға ішкізіп жүрген кәсіпкер мәзірдің қандай болу керектігін де білмейді екен.


"Мен оны білген жоқпын, қазір естіп отырмын. Мұндай заттар сатылмау керектігін енді біліп отырмын. Мен бұрын мектепте істеп көрген жоқпын. Мен тендерге 26-қаңтарда қатысып ұтып алдым", - дейді жеке кәсіпкер Нұрбүбі Садықова.

Мектеп директоры мен ақ халаттыларға сеніңкіремеген ата-аналар тәуелсіз сараптамаға сынама жіберіпті. Ондағылар улану болған жоқ деген дәрігерлердің диагнозын мүлдем теріске шығарған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті.


КТК


 




Көрілген: 750    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 21:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30