Оқиға

Алматы облысындағы жарылыс: Ауруханада тағы бір адам көз жұмды

  • Алматы облысындағы жарылыс: Ауруханада тағы бір адам көз жұмды

    Алматы облысындағы жарылыс: Ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Алматы облысында өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан тағы бір адам көз жұмды. Зардап шеккен 38 жастағы ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан зардап шеккен 1981 жылғы азамат 31 тамыз күні сағат 20:20-да аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. 1984 жылғы тағы бір науқас травматология бөлімінен жансақтау бөліміне ауыстырылды. Жағдайы өте ауыр. Бірақ есін біледі. Кеше аяғына ота жасалды», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хатшысы Ләйлім Әубәкірова.


Еске салсақ, 31 тамыз күні Қарасай ауданының Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын цехта жарылыс болды. Салдарынан цех ішінара бұзылып, түтін шығатын құбырдың бір бөлігі жеке тұрғын үй секторының аумағына ұшып түскен.


Жарылыс орнында 1961 жылғы ер адамның денесі табылды. Аудандық ауруханаға әртүрлі жарақатпен үш адам жеткізілген еді.




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

жексенбі, 01.09.2019, 22:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30