Алматы облысындағы Қора шатқалы екінші күн өртеніп жатыр

29 қыркүйек 2021, 00:23

Алматы облысындағы Қора шатқалының өртеніп жатқанына екінші күн, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қызыл жалын 25 гектар орманды алқапты шарпып, қурап тұрған ағаштар мен өсімдіктерді күлге айналдырды.

 

Тілсіз жауды сөндіруге 100 шақты адам мен оннан аса техника жұмылдырылды.

 

Отқа оранған орманды алқап Текелі қаласынан 17 шақырым жерде.

 

Кеше түсте тұтанған өрт Қора шатқалындағы қураған шөптен басталып, қия беткейдегі қарағайларға қарай бет алған. Сондықтан қызыл жалынды ауыздықтауға тікұшақ тартылды.

 

Талдықорған орман шаруашылығының аумағындағы өртке байланысты өңірде арнайы штаб құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы орган және облыстық ТЖД қызметкерлері кіріп отыр.

 

Азамат Ержанұлы, облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі басшысының орынбасары:

 

- Отты өшіруге Төтенше жағдайдар департаментінің 51 қызметкері мен орман шаруашылығының 35 жұмысшысы және өзге де мамандар жұмылдырылып отыр. Сонымен қатар өрт сөндіруге он үш арнайы техника, 8 мотопомпа қолданылып жатыр.

 

Таулы аймаққа техниканың жете алмауы және будақтаған көк түтін де жағдайды күрделендіре түскен.

 

Сондықтан өртті сөндіру әзірге мүмкін болмай тұр.

 

Десе де, сала мамандары дала өртінен кенді шаһарға келер қауіп жоқ деп отыр.

 

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=db8602ce-0357-4149-a363-03abca6a591b" class="aitube-embed" width="560" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=b48f3e28-829b-49e5-b811-c7151413c775" class="aitube-embed" width="560" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>