Оқиға

Алматы орталығында 6 көліктің қатысуымен жол апаты болды (фото)

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Алматыда Тілендиев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында алты көліктің қатысуымен жол апаты болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам зардап шекті деп хабарлайды Zakon.kz.

 

Басылым мәліметіне сәйкес, Абай даңғылында бес көлік тұрған - олардың жүргізушілері Тілендиеваға солға бұрылу үшін қосымша бағдаршам сигналын күтіп тұрады. Дәл осы сәтте Audi 100 автокөлігі шығыс бағытта келе жатқан.

 

 

Алдын ала ақпарат бойынша, Audi жүргізушісі көліктердің арасымен қыстырылысып өтіп кетпек болғанымен, сыймай қалған.

 

Алдымен неміс көлігі Hyundai Sonata көлігіне соғылып, одан әрі қарай сол жақ жолақтағы Nissan Maxima-ға соғылады.

 

Содан кейін Toyota 4Runner көліктерге соқтығысып, соққыдан жол талғамайтын көліктің дөңгелегі жұлынып қалады. Ұшып түскен дөңгелек алдында тұрған Chevrolet-ке тиген.

 

 

Соңында, Audi Lexus GS-ке соғылды. Соқтығысудың қатты болғаны соншалық, Lexus көлігінің артқы жағы ішке қарай мыжылып, көлік қиылысқа ұшып түскен.

 

Audi-дің өзі жолдың қарсы бетіне шығып кетті.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам жарақат алды - Lexus жүргізушісі, Audi жүргізушісі және оның жолаушысы.

 

 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 10:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31