Алматы полициясы шабуылға таңғы 5-ке дейін тойтарыс берді - мемлекеттік хатшы Қарин

10 қаңтар 2022, 13:09

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин лаңкестердің Алматы Полиция департаментіне жасаған шабуылы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Бұл біз көріп жүрген әдеттегі жаппай тәртіпсіздік емес. Азаматтық күштердің құқық қорғау күштерімен қақтығысы немесе бүлік пен өрт қою емес. Мұнда мемлекеттік мекемелерге, құқық қорғау органдарының ғимараттарына шабуылдар болды. Алматыда алты рет шабуыл жасалғаны белгілі, бірақ бұл полиция департаментінің бір ғана мекемесіне қатысты айтылған.

Бір күнде ғой деймін. Әріптестеріммен сөйлескенде олар Алматы ПД қорғанысты ұстап, шабуылға түнгі сағат 12-ден таңғы 5-ке дейін тойтарыс бергенін айтты. Бірнеше сағат бойы полицияға қарсыласу үшін шабуылдаушы, унарлы террористік топтарда қанша қару-жарақ пен оқ-дәрі болғанын елестетесіз бе?", - дейді Қарин.

 

Мемлекеттік хатшы Алматыда болған оқиға жаппай тәртіпсіздіктерге жатпайтынын айтты.

 

"Кейін әуежайды және басқа да коммуникация нысандарын басып алу, БАҚ-қа шабуыл жасау және басқа іс-қимылдар болды. Мен бұл туралы мемлекет өкілі, ресми шенеунік ретінде емес, 20 жыл бойы терроризм мәселесімен айналысып келгендіктен айта аламын. Бірақ осы тақырыпты зерттеп жүрген мен де бірнеше топтың қалаларға осылай шабуыл жасауы мүмкін екені есіме түспейді. Бұл жаңа құбылыс, ол қазір тек арнайы қызметтер үшін емес, сарапшылар мен мамандарға да сын-қатер. Біз жаңа кезеңге аяқ басқанымызды түсінуіміз керек, онда кез келген басқа елге қарсы осындай сценарий басталуы мүмкін, ал оның басты мақсаты - мемлекеттің тұтастығын бұзу деп ойлаймын", - деді Қарин.